Дәлелдеудегі тұйықталу

lat: Dáleldeýdegi tuıyqtalý

Немесе кесірлі дөңгелек логикалық қате, бұл дәлелдеудің сапасы ретінде дәлелденетін тезистің өзін пайдаланып, дәлелденген қағидаларды қолданудан келіп шығады. Мұндай қате кейде ғылыми жұмыстарда да кездеседі. Мысалы көптеген математиктер 2 мың жылдан артық уақыт ішінде параллельдер туралы Евклидтің бесінші постулатын дәлелдеуге талпынғанда өздерінің дәлелдемелері негізіне дәлелдейтін постулаттың өзін бүркей пайдаланған. Маркс А. Смиттің және буржиазиялық экономистердің таңдауларында «кесірлі дөңгелек» барлығын көрсетті : товардың құны еңбекақының , пайданың, рентаның сомасынан келіп шығады, ал еңбекақының, пайданың , рентаның сомасының өзі товарлардың құнымен анықталады және т.б.